«Ақмола облысы білім басқармасының Есіл ауданы бойынша білім бөлімі Есіл қаласының № 2 жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение «Общеобразовательная школа № 2 города Есиль отдела образования по Есильскому району управления образования Акмолинской области»

СоцСети

 


Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

30 тамыз-ҚР Конституциясы күні

1995 жылғы 30 тамыздағы республикалық референдумда ел тарихында тұңғыш рет халық қабылдаған Қазақстан Республикасының Конституциясы тәуелсіз мемлекеттің конституциялық дамуының жаңа кезеңінің басталуын белгіледі.

Оның тарихи маңызы Қазақстанның қолданыстағы құқығын еліміздің әлеуметтік-саяси дамуының сапалы өзгерістері үшін саяси база жасайтын біртіндеп демократиялық қайта құрулардың талаптарына жауап беретін стандарттарға жақындатуында.

Қазіргі уақытта Конституция негізгі заң ретінде мемлекет пен қоғамның саяси, экономикалық тұтастығын қамтамасыз ететін құқықтық негізге айналды. Конституция негізінде біз ауқымды әлеуметтік, экономикалық және саяси қайта құрулардың күрделі кезеңінен өте алдық.Қоғамды құлатпай, мемлекеттілікті жоғалтпай, абыроймен өте алдық. Мұның бәрі Конституцияның біздің еліміз үшін мемлекеттің Негізгі Заңы ретіндегі зор құндылығын көрсетеді.

 Мектеп кітапханасында осы күнге арналған кітап көрмесі ұйымдастырылды.

Сіздерді келе жатқан Қазақстан Республикасының Конституциясы күнімен шын жүректен құттықтаймыз.

Жаңартылған күні: 27.08.2022 15:27
Құрылған күні: 27.08.2022 15:32

Текст