«Ақмола облысы білім басқармасының Есіл ауданы бойынша білім бөлімі Есіл қаласының № 2 жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение «Общеобразовательная школа № 2 города Есиль отдела образования по Есильскому району управления образования Акмолинской области»

СоцСети

 


Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Ақмола облысы Есіл ауданы бойынша білім бөлімінің "Есіл қаласының №2 ЖББМ" КММ 2023 жылғы Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша есебі

 

Мемлекеттік көрсетілген қызметтер бойынша

2023 жылға арналған есеп

 

1. Жалпы ережелер

  1. Көрсетілетін қызметті берушілер туралы мәліметтер: «Ақмола облысы Білім басқармасының Есіл ауданы бойынша білім бөлімінің Есіл қаласының №2 жалпы білім беретін мектебі» КММ, ведомстволық бағынысты білім беру ұйымдары. Заңды мекенжайы: Ақмола облысы Есіл ауданы Есіл қаласы Мұнайтпасов көшесі, 10.

2) мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы ақпарат:

  «Ақмола облысы Білім басқармасының Есіл ауданы бойынша білім бөлімінің Есіл қаласының №2 жалпы білім беретін мектебі» КММ

2023 жылы 171  қызмет көрсетілді;

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы арқылы көрсетілген қызметтер саны – 2;

электрондық нұсқада көрсетілген қызметтер саны – 83;

қағаз түрінде көрсетілген қызметтер саны – 86;

қызмет көрсетуден бастарту – 4 қызмет электронды түрде.

Білім беру саласындағы барлық мемлекеттік қызметтер тегін көрсетіледі.

3) Неғұрлым сұранысқа ие мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы ақпарат:

Білім беру саласында сұранысқа ие мемлекеттік қызметтер:

  1. Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін бағдарламалары бойынша оқыту үшін ведомстволық бағыныстылығына қарамастан білім беру ұйымдарына құжаттар қабылдау және оқуға қабылдау;
  2. Балаларды жалпы білім беретін оқу орындары арасында ауыстыру үшін құжаттар қабылдау;
  3. Негізгі орта, жалпы орта білім туралы құжаттардың телнұсқаларын беру;
  4. «Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдарына денсаулығына байланысты ұзақ уақыт бойы бара алмайтын балаларды үйде жеке тегін оқытуды ұйымдастыру үшін құжаттар қабылдау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет;
  5. «Жалпы білім беретін мектептердегі білім алушылар мен тәрбиеленушілердің жекелеген санаттарына тегін және жеңілдетілген тамақтандыруды ұсыну» мемлекеттік қызметті көрсету

   2. Қызмет алушылармен жұмыс:

  1) Мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібі туралы ақпаратқа қол жеткізу көздері мен орындары туралы мәліметтер.

              Қызметті алушылар үшін барлық қажетті ақпарат ресми интернет ресурста орналастырылған   http://sc0002.esil.aqmoedu.kz/content/gosudarstvennye-uslugi-754 білім басқармасының «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер» бөлімінде, сондай-ақ барлық ведомствоға бағынысты ұйымдарда ақпараттық стендтерде мемлекеттік қызмет көрсету ге қойылатын негізгі талаптар тізбесі мен  ережелері орналастырылған. Өзіне-өзі қызмет көрсету бұрыштары жұмыс істейді.

  2) мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібін айқындайтын заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілердің жобаларын жария талқылаулар туралы ақпарат.

          2023  жылы Мемлекеттік қызмет көрсету бойынша - 12 жарияланым болды. БАҚ-та (Мектеп сайты, Инстаграм, Facebook, мектептің ақпараттық бұрышы) мемлекеттік қызмет көрсету бойынша, сондай-ақ e.gov.kz портал арқылы әртүрлі қызмет түрлерін алу мүмкіндігі туралы материалдар жарияланады.  2023 жылдың қорытындысы бойынша жария талқылау барысында мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы қызмет туралы ұсыныстар мен ескертулер түскен жоқ. Қазіргі уақытта заңға тәуелді құқықтық актілердің жобаларын жария талқылау ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет порталында жүзеге асырылады. Білім басқармасы мен ведомствоға бағынысты ұйымдар нормативтік құқықтық актілерді әзірлемеген.

  3) мемлекеттік қызметтер көрсету процесінің ашықтығын қамтамасыз етуге бағытталған іс-шаралар (түсіндіру жұмыстары, семинарлар, кездесулер, сұхбат және басқалар).

2023 жылы «Ақмола облысы Білім басқармасының Есіл ауданы бойынша білім бөлімінің Есіл қаласының №2 жалпы білім беретін мектебі» КММ әлеуметтік желілерде ақпаратты жариялады. Ай сайынғы негізде БАҚ, қызмет көрсетушілердің интернет – ресурстары арқылы мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы халықты ақпараттандыру бойынша жұмыс жүргізіледі.

 

  3. Мемлекеттік қызметтер көрсету процестерін жетілдіру жөніндегі қызмет.

  1) Мемлекеттік қызметтер көрсету процестерін оңтайландыру және автоматтандыру нәтижелері.

  Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін төмендету және Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру мақсатында аудандағы барлық мектепке дейінгі орта, арнайы білім беру ұйымдары бірыңғай ақпараттық жүйеде Аkmola.kz порталында  жұмыс істейді. Жүйеде 4 автоматтандырылған мемлекеттік қызмет іске асырылуда.

Сондай-ақ, 2020 жылдан бастап барлық білім беру ұйымдарында Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің  ММ АЖО жүйесі жұмыс істейді, онда 15 мемлекеттік қызмет қолжетімді.

Мемлекеттік қызметтер көрсетуге жауапты тұлғалар біліктілікті арттыру курстарынан өтті, әрі қарай білікті артып отыруды жалғастырамыз.

 

  4. Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бақылау

  1) Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті алушылардың шағымдары туралы ақпарат.

  2023 жылы мемлекеттік қызмет көрсету туралы шағымдар түскен жоқ.

  2) мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын ішкі бақылау нәтижелері.

  Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметтер саласындағы заңнамасын сақтау мәселесі бойынша бекітілген бақылау іс-шаралар жоспарына сәйкес «Ақмола облысы білім басқармасының Есіл ауданы бойынша білім бөлімі» ММ-нің әдіскерімен  бақылау іс-шаралары өткізілді. Бақылау іс-шараларын жүргізу кезінде бірқатар ұйымдарда бақылау іс-шаралары барысында жойылған жекелеген сәйкессіздіктер байқалды. Жалпы, олар көрсетілген мемлекеттік қызметтердің сапасына әсер еткен жоқ.  Мемлекеттік қызметтерде бұзушылықтарға жол бермеу бойынша шаралар қабылдануда.

 

  5. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің одан әрі тиімділігін және оның сапасына қыметті алушылардың қанағаттануын арттыру

            2024 жылы қолжетімді және сапалы мемлекеттік қызметтермен қамтамасыз ету бойынша жұмыс жалғастырылатын болады.

 

 

 

 


Әлі пікірлер




Добавить комментарий



Включить данные в подпись
Жаңартылған күні: 28.02.2024 09:18
Құрылған күні: 29.02.2024 17:50

Текст