2021 жылдың 4 маусымында"Ақмола облысы Білім басқармасының Есіл ауданы бойынша білім бөлімінің Есіл қаласының жалпы білім беретін мектебі 2" КММ-де 9 сынып оқушылары арасында Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздер күніне арналған онлайн режимінде іс-шара өтті.
Аталған іс – шараның мақсаты-мемлекеттік рәміздерге деген терең құрмет сезімін қалыптастыру, мемлекеттік рәміздер туралы білімді кеңейту және бекіту, қазақстандық патриотизмге тәрбиелеу.
Дәстүр бойынша ол Қазақстан Республикасының мемлекеттік әнұранын тыңдаудан басталды. Одан әрі тарих мұғалімі А.А. Идрисова осы мерекенің тарихы, оны өткізу дәстүрлері туралы айтып берді. Оқушылар мемлекеттік рәміздерді білуге арналған викторинаға қатысты.
Мемлекеттік рәміздер – Ту, Елтаңба, Әнұран – бұл халықты біріктіретін, елді бейнелейтін, азаматтардың өз Отаны үшін мақтаныш сезімін тудыратын ресми атрибуттар.