«Ақмола облысы білім басқармасының Есіл ауданы бойынша білім бөлімі Есіл қаласының № 2 жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение «Общеобразовательная школа № 2 города Есиль отдела образования по Есильскому району управления образования Акмолинской области»

СоцСети

 


Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

"Қазақ халқының патриоттық рухын дәріптейтін Ілияс Есенберлин "тақырыбындағы"парасаттылық сағаты"

Өскелең ұрпақтың бойында ұлы тұлғалардың еңбектері арқылы парасаттылық қағидаттарын қалыптастыру мақсатында Ақмола облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментінің бастамасымен 14-18 қараша аралығында қазақтың ұлы жазушысы Ілияс Есенберлинге арналған «Адалдық сағаты» өткізілуде.

Ілияс Есенберлин революция алдындағы қиын кезеңде Ақмола өңірінің Атбасар қаласында дүниеге келген. Ол ерте жетім қалып, балалар үйіне жіберілді. Онда ол әдебиетке қызығушылық танытып, алғаш рет қабырға газеттеріне өлең жаза бастады.

1940 жылы Қазақ тау-кен металлургия институтын бітіріп, Ұлы Отан соғысының алғашқы күндерінде майданға аттанып, ауыр жарақат алады. «Жауынгерлік еңбегі үшін» және «Ленинградты қорғағаны үшін» екі медальмен марапатталған.

Оның алғашқы поэтикалық шығармалары 1945 жылы жарық көрді. Бірақ соғыстан кейінгі уақытта ғана ол өзінің әдеби шығармашылыққа бейімділігі бар екенін түсінеді.

Жазушы өз халқының тарихын зерттеуге көп көңіл бөлді. Ол ғылыми монографияларды оқып, мұрағаттарға барды, бастапқы дереккөздерді мұқият зерттеді. Жазушының өз елінің тарихи өткеніне терең енуіне өз Отанына, өз халқына деген жанашырлық сезімі ықпал етті.

Ілияс Есенберлиннің шығармалары көтерілген мәселелердің маңыздылығымен және оларды шешудің батылдығымен ерекшеленеді. 1969-1973 жж. ол өзінің әйгілі «Көшпенділер» трилогиясын жазды. Онда қазақтардың батыл күресі мен ұлтаралық соғыстар тарихы, сатқындық пен халыққа адалдық тарихы жазылған. «Көшпенділер» трилогиясынан кейін «Алтын орда», «Қауіпті өткел» тарихи шығармалары, «Алтын құс», «Айқас» және тағы басқа романдары дүниеге келді.

Жазушы кітаптары әлемнің көптеген тілдеріне аударылуының арқасында адамдар қазақ халқы мен оның батырлық тарихы туралы танып білді. Қазіргі уақытта да оның шығармалары өскелең ұрпақ арасында өте танымал.

Ілияс Есенберлин өмірдегі қиындықтарға қарамастан, өмірді сүйетін адам еді, сондай-ақ ерік-жігері мықты, шыдамдылыққа бейім және феноменальды есте сақтау қабілетіне ие тұлға болатын.

Бейне-дәріс облыстық телеарнада көрсетілуде, сондай-ақ Департаменттің ресми сайтында орналастырылған. Аталған акцияға өңірдегі оқу орындарының оқушылары қатысты.

Бейне-дәріске сілтеме:

Жаңартылған күні: 12.11.2022 21:44
Құрылған күні: 12.11.2022 21:44

Текст