Текст
Елімізде карантиндік режимнің ұзартылуына байланысты ҚР Білім және ғылым министрлігі бірінші сыныпқа құжаттарды қабылдау мерзімін 20 тамызға дейін ұзартады.
Медициналық анықтамаларды алу кезіндегі қиындықтарға байланысты білім беру ұйымдарына құжаттарды тапсыру кезінде оларды уақытша ұсынбауға рұқсат етіледі. Медициналық анықтамаларды алған кезде ұсынуға болады.