Қазақстан Республикасы Күнін мерекелеу аясында 19 қазанда" орталықтандырылған-балалар кітапханалық жүйесінде "Есіл қ. 2 ЖББМ 5" Б " сынып оқушыларына экскурсия өткізілді.
Экскурсияны кітапхана қызметкерлері: Дамеш Тавакановна және Айжан Қанатқызы өткізді. Іс – шара барысында біздің мемлекетіміздің тәуелсіздік алғаннан бастап бүгінгі күнге дейінгі өмірінің негізгі кезеңдері айтылды. Іс-шара барысында 5-сынып оқушылары сұрақтарға жауап берді.
Іс-шара соңында Қазақстан мемлекеттілігінің қалыптасуындағы негізгі тарихи кезеңдерді ашқан аттас кітап көрмесіне шолу жасалды. Оқушыларға алғыс хаттар табысталды.
Оқушыларды 5 "Б" сыныбының сынып жетекшісі Анастасия Сергеевна және мектеп кітапханашысы Дина Жаңбырбайқызы алып жүрді.