Аутизм мәселесі туралы хабарлауға арналған ақпараттық стенд
07.04.2026 жылы инклюзияны қолдау кабинеті мамандары аутизм мәселесі туралы ақпараттандыруға арналған ақпараттық стендті безендірді.
Стендте аутизм спектрі бұзылыстары туралы көрнекі материалдар, жадынамалар және пайдалы ақпарат қазақ және орыс тілдерінде ұсынылған. Оқушылар мен педагогтер аутизмі бар балалардың ерекшеліктерімен танысып, оларды қолдау жолдары мен қабылдаудың маңыздылығы туралы біле алады.
Стендті безендірудің мақсаты — хабардарлықты арттыру, толерантты көзқарас қалыптастыру және мектепте инклюзивті мәдениетті дамыту.
Бірге әрбір бала үшін түсіністік, құрмет және қолдау ортасын қалыптастырайық