Дарынды оқушыларды қолдау
Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев осындай дарынды балаларды қолдау шараларын әзірлеуді тапсырды.
ҚР БҒМ заңнамаға түзетулер дайындады, қазір заң жобасы ҚР Парламенті Мәжілісінің қарауына енгізілді. Осы жылдың өзінде дарынды балалар жақсы мемлекеттік қолдауға ие болады. Атап айтқанда, халықаралық пәндік олимпиадалардың жүлдегерлеріне ҰБТ тапсырмай, яғни конкурстан тыс негізде ЖОО-да оқу үшін білім беру гранттары берілетін болады. Бір жолғы ақшалай сыйлық төлемдерін олимпиадалардың жүлдегер оқушылары да, сол олимпиадалардың жеңімпаздарын дайындағаны үшін педагог-жаттықтырушылар да алады. Алтын медаль иегерлері 1500 АЕК, күміс – 1000 АЕК, қола – 500 АЕК мөлшерінде ақшалай сыйақы ала алады деп жоспарлануда.
Қазақстандық балаларды қолдау көптеген бағыттар бойынша жүргізіледі. Биыл отбасы мен балалық шақтың көптеген мәселелерін шешуге арналған балалардың әл-ауқатының индексін бекіту жоспарлануда. Оның көмегімен балалардың жағдайын жақсарту бойынша мемлекеттік органдар жұмысының нәтижелілігі ҚАДАҒАЛАНАТЫН болады. Балалардың құқықтарын қорғау Комитетінің басшысы атап өткендей, қазір бұл индексті әзірлеу белсенді жүргізілуде.