Кәмелетке толмағандарға қатысты зорлық-зомбылықты жою және алдын алу

Кәмелетке толмағандарға қатысты зорлық-зомбылықты жою және алдын алу.

"Өскелең ұрпақтың үйлесімді дамуы мен бақытты балалық шағы-біздің жалпыұлттық міндетіміз. Олардың әл – ауқаты-мемлекетіміздің табысты болашағының сенімді кепілі".

ҚР БҒМ Балалардың құқықтарын қорғау комитеті балалардың қатысуымен болған оқиғаларды анықтап жатыр. Комитет басшысының айтуынша, олардың 40% - ында орын алған оқиғаның себебі ересектер тарапынан жеткілікті көңіл бөлінбеуі болып табылады.  Көптеген жазатайым оқиғалар ересектердің балаларды қараусыз қалдыруына және қауіпсіздік техникасының бұзылуына байланысты орын алады. 

Құрметті ересектер, есіңізде болсын: әр адамның балаларға деген ұқыпты қарым-қатынасы қиындықтардан аулақ болуға көмектеседі! Балалардың қауіпсіздігі - біздің ортақ жауапкершілігіміз.