28 Ақпанда өрт сөндірушінің жауынгерлік киімін және ЖМК-дан жеке қорғаныс құралдарын пайдалануға үйрету бойынша сабақ өткізілді.
Оқушылар өрт сөндірушінің ауыр киімдерін және жеке қорғаныс құралдарын кию дағдыларын іс жүзінде пысықтады. Сондай-ақ, су тасқыны мен өрт кезіндегі тәртіп ережелері бойынша жадынамалар табысталды.
Іс-шара азаматтық қорғау күні қарсаңында өтті. Сабақты Есіл ауданының төтенше жағдайлар бөлімінің аға инженері азаматтық қорғау лейтенанты Гребенников Кирилл Владимирович өткізді