«Ақмола облысы білім басқармасының Есіл ауданы бойынша білім бөлімі Есіл қаласының № 2 жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение «Общеобразовательная школа № 2 города Есиль отдела образования по Есильскому району управления образования Акмолинской области»

СоцСети

 


Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫНЫҢ ТІЛДЕР КҮНІ

16.09.2026

🇰🇿 ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫНЫҢ ТІЛДЕР КҮНІ 🇰🇿

Мектебімізде Қазақстан халқының тілдер күніне арналған танымдық әрі мазмұнды іс-шара өтті.

Іс-шара барысында ана тіліміздің қадір-қасиеті, тіл мен мәдениеттің сабақтастығы, ұлттық құндылықтарды дәріптеу және жас ұрпаққа білім берудің маңызы кеңінен насихатталды.

Мерекелік шараның негізгі тақырыптарының бірі — ұлы ағартушы, педагог Ыбырай Алтынсариннің өмірі мен шығармашылығы болды. Халқын білімге, ғылымға шақырған ұлы ұстаздың «Кел, балалар, оқылық!» деген сөзі бүгінгі ұрпаққа да үлкен өнеге.

Оқушылар түрлі қызықты тапсырмаларға, шығармашылық жұмыстарға қатысып, Ыбырай Алтынсариннің ағартушылық мұрасымен танысты.

Тіл — ұлттың рухани қазынасы. Ана тілімізді құрметтеу — тарихымызды, мәдениетімізді және ұлттық болмысымызды құрметтеу!

Просмотров: 14


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст