«Мектепке баратын жол» қауіпсіздік сабағы
24.10.2026
«Мектепке баратын жол» қауіпсіздік сабағы
📅 23 қазанда 1 «Б» сыныбында дүниетану пәнінен «Мектепке баратын жол» тақырыбында қауіпсіздік сабағы өтті.
🎯 Сабақтың мақсаты: жолда жүру ережелерін және жаяу жүргіншілер қозғалысын реттейтін жол белгілерінің мағынасын түсіндіру.
👧🏻👦🏻 Бірінші сынып оқушылары жол белгілерін ажыратуды, жолдан дұрыс өтуді және мектепке барар жолда қауіпсіздік ережелерін сақтауды үйренді.
🎲 Ал көңілді үзілістерде балалар «Крестиктер-нөлдіктер» ойынын қызыға ойнап, логикалық ойлау, зейін қою және ойын ережелерін сақтау дағдыларын дамытты! ❌⭕️
💙 Қауіпсіз жүруді үйренеміз, көңілді ойнаймыз, бірге өсеміз!
Просмотров: 257