Қазақ халқының Тілдер күні мерекесіне орай 2023 жылдың 11 қыркүйегінде мектебімізде «Тіл білгірлері» интеллектуалдық ойыны өткізілді.
Мақсаты: оқушылардың мемлекеттік тілді қаншалықты меңгергендігін тексеру, шығармашылық қабілеттерін, шешендік сөздер, мақал-мәтелдерді ұтымды пайдалана білуге үйрету, оқушылардың мемлекеттік тілге деген құрмет сезімін қалыптастыру.
Сайысқа қатысушылар, 5 сынып оқушылары, төрт кезең бойынша сынға түсті. Бірінші кезең - «Таныстыру». Бұл кезеңде сайысқа қатысушылар үш тілде (қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде) топ мүшелерін, ұрандарын таныстырды. «Бәйге. Жүйрік болсаң, шауып көр» айналымында оқушылар берілген тақырып бойынша үш тілде диалог жүргізді. Үшінші кезең «Ойлы болсаң, озып көр» деп аталды. Бұл кезеңде берілген мақал-мәтелдерде түсіп қалған сөздерді тауып, үш тілдегі (қазақ, орыс, ағылшын) аудармасын айтты. Соңғы сынақ - «Қазақстан» сөзіне әрбір оқушы жаңа сөздер құрды.