ПРОМОУТЕР
Сату жөніндегі компанияның өкілі. Фирманың имиджін қолдайды,
компания жобаларын жылжытуға жауап береді, компания өндіретін барлық тауарларды сатуға итермелейді,
дүкендер желісімен жұмыс істейді,
тауарларды сатуға жәрдемдеседі.
ЖАРНАМА МЕНЕДЖЕРІ
Оларды өткізу нарығында жылжыту мақсатында өндірілетін өнімді немесе орындалатын қызметтерді жарнамалау жөніндегі жұмысты ұйымдастырады. Жарнамаланатын тауарлар мен қызметтердің артықшылықтары мен айрықша қасиеттері туралы тұтынушыларды хабардар етеді.
Жарнамалық акцияларды өткізу бойынша жұмыстарға басшылықты, жоспарлауды және үйлестіруді жүзеге асырады.
Тауарлардың (қызметтердің) бір түрі немесе тобы бойынша жарнамалық іс-шаралар жоспарын әзірлейді және оларды өткізуге арналған шығындарды айқындайды.
ҚЫЗМЕТКЕРЛЕР ЖӨНІНДЕГІ МЕНЕДЖЕР
Ұйым қызметкерлерімен жұмыс жүргізеді.
Кәсіпорынды қызметкерлермен жасақтауды қамтамасыз етеді.
Қызметкерлерді оқытуды ұйымдастырады.
Қызметкерлердің біліктілігін арттыру және олардың іскерлік мансабын дамыту бойынша жұмысты үйлестіреді.