Дүниежүзілік психикалық денсаулық күніне орай БҰҰ Балалар Қоры (ЮНИСЕФ) Республикалық психикалық денсаулық орталығымен бірлесіп тегін психологиялық көмектің онлайн-марафонын ұйымдастырады.
10 қазан күні сағат 11:00-ден 16: 00-ге дейін Facebook-те @Rspckz және @UNICEFKazakhstan парақшаларында психиатрия және психология мамандықтары бойынша жоғары білікті санатты Дәрігерлермен тікелей эфир өтеді. Тәжірибеші психологтар, психиатрлар, наркологтар және педагог-психологтар Сізді толғандыратын барлық сұрақтарға жауап береді.
Онлайн-марафонға қатысу тегін