Жыл сайын еліміз бойынша 1-12 маусым аралығында "Балалар еңбегін пайдалануға қарсы 12 күн"ақпараттық науқаны өтеді. Ол Дүниежүзілік балалар еңбегіне қарсы күрес күніне орайластырылған. Акция Қазақстанда он жылдан астам уақыт бойы өткізіліп келеді. Оның мақсаты-балалар еңбегін пайдалану проблемасына, бала мен қоғам үшін зардаптарға қоғамның назарын аудару.
Осы науқан аясында біздің мектепте оқушылар арасында адам саудасының алдын алу, балаларды жыныстық және еңбек қанауына тарту мәселелері бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілуде.
"Балалар еңбегін пайдалануға қарсы 12 күн" науқаны аясында жұмыс жоспарына сәйкес жадынама - буклеттер таратылды , онда балалар еңбегінің ең нашар түрлері көрсетілген. Балалар еңбегін болдырмау және пайдалану туралы ақпаратты тарату мақсатында біздің №2 мектебіміздің балалары флешмобтарға , сондай-ақ пікірталас алаңдарына қатысады.