31.01.2024 жылы N2 ЖББМ КММ-де СППР бағдарламасы аясында 6-сынып оқушыларының ата-аналар жұртшылығымен тренинг өтті. Тренингті мектеп психологы А. Б. Әбілдинова өткізді.
Тренинг тақырыбы " Интернеттегі бала. Орта жолды қалай табуға болады?". Алтыншы сынып оқушыларының ата-аналары жаңа терминдермен танысып, балалардың интернет желісінде болу мәселелерін талқылады. Ата-аналармен балалардың желіде болуы бойынша қауіпсіздік шаралары айтылды. Тренингте ата-аналар кибербуллинг тақырыбындағы екі бейнероликті тамашалады.
Бұл тренинг нәтижелі және қажетті болды, ата-аналар қажетті ақпаратты алды.