31 наурызда қазақ халқы мен Қазақстан тарихында аты аңызға айналғанына 120 жыл толды. Академик Қаныш Имантайұлы жердің ішкі сырларының феноменальды көрінушісі ғана емес, көрнекті ғалым-геолог және ғылымды ұйымдастырушы, сонымен қатар, өз заманының ұлы ойшылы және жаратылыстанушысы болған. Қ.Сәтпаев керемет жазушы және тарихшы, ойшыл мұғалім, математик бола алатын жан-жақты дамыған адам ғалымы болды. М.Әуезов айтқандай: «Қаныштың үлкен бір ерекшелігі оның химиялық, биолог, физик, дәрігер және тарихшы мен филологпен олардың ғылыми тілде сөйлесе алуы». Осы күнді еске алуға арналған біздің мектеп кітапханасында көрме ұйымдастырылды, онда көрнекті тұлға, еліміздің нағыз Патриоты туралы жазылған мақалалар, кітаптар, фото хроника және т.б.